«Жаз жайнатып, күн күлдіріп…»

Биыл Ұлытау облысының 200 оқушысын Астана, Алматы қалаларындағы «Айналайын» балаларды сауықтыру орталығына демалысқа жіберу көзделген. Бүгінгі күнге дейін оның 50-і жазғы демалыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта тағы 98 оқушы каникулдарын еліміздің басты қалаларында өткізуде.

Жазғы демалыстарды ұйымдастыру – дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Бұл сауықтыру-демалыс шарасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Сауықтыру орталығының бағдарламасында ЭКСПО кешеніне, «Бәйтерек» сәулет-құрылыс кешеніне, Ұлттық музейге экскурсиялар, кинотеатр, саябақтарға тур, танымал тұлғалармен (спортшы, әнші, өнертапқыш) кездесулер, танымдық-шығармашылық үйірмелер, тақырыптық шаралар, квест ойындар, концерт, би кештері қамтылғын.