«Жастар — нашақорлыққа қарсы!»

Бүгін рухтастар Ұлытау облысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп есірткінің жарнамаларын, графити суреттерін жоюға атсалысты.

Шара барысына қаламыздың белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!