Жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қосымша құжат жинау жұмысы басталды

Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдау қайта басталды.

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
Ұлытау облысының жас мамандарын кредиттеуге объектілері Ұлытау облысында орналасқан Денсаулық сақтау, Білім беру, Мәдениет, Спорт, БАҚ, ЖОО қызметкерлері, Әлеуметтік сала қызметкерлері қатыса алады.

«Ulytau zhastary» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс;
2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
3. Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі-зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлей отырып, кемінде үздіксіз соңғы 1 жыл;
4. Бағдарламаға қатысушы Ұлытау облысында кемінде соңғы 1 жыл үздіксіз тұрақты тіркелуінің болуы;
5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады. Өтінімдер 2023 жылдың 19-23 маусым аралығында сағат 15.00-18.00 аралығында қабылданады.