Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.

Бұған дейін бұл қызметті Бағдат Мусин атқарған еді.

Ж.Мәдиев 2022 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болды.