«Жас орманшылар» қауымдастығы құрылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жəне қауымдастықтың алғашқы қадамдары символикалық түрде ағаш тұқымын отырғызу рəсімі өткізілді.

2025 жылдың 15 қаңтарында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұйымдастыруымен №1 тірек мектебінде «Жас орманшылар» қауымдастығының ашылу салтанаты жəне салтанатты жиын əрі қарай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жəне қауымдастықтың алғашқы қадамдары символикалық түрде ағаш тұқымын отырғызу рəсімі өткізіледі.

Отырғызылатын ағаш түрі қарағай ағашының тұқымы, 200 дана. Осы арқылы біз болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтап, өсіруге деген жауапкершілікті сезіну. Іс-шара барысында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры Ғалым Қойшыбаев сөз сөйлеп, жас орманшыларға «Жас орманшы» куəлігін табыстады.
Жас орманшылар қауымдастығының құрылуы — еліміздегі орман шаруашылығына, табиғатты қорғауға деген қызығушылық танытқан жастар үшін үлкен мүмкіндік. Жалпы іс-шара жəне құрылып отырған қауымдастық екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум арқылы жүзеге асырылуда.
Қауымдастықтың жалпы мақсаты — орманның экосистемасын сақтау, жас ағаштарды отырғызу, орман зиянкестеріне қарсы күрес жүргізу жəне экологиялық білім беру арқылы орман шаруашылығының болашағын жақсарту. Қауымдастыққа қосылған əрбір жас орманшы осы маңызды миссияға өз үлесін қосу.
Табиғатты қорғау мен көркейту жолындағы бұл бастама табысты болсын! Бүгін отырғызған əрбір тұқым ертеңгі жарқын болашақтың кепілі болғай!

Елігай ƏБІШ,
«Ұлытау» МҰТП ЕАРжТ бөлімінің инженері.