ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«Тәуелсіз ұрпақтар» республикалық жобасы аясында аудан әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау гранттары табысталды. Бұл бастама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдап, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған.

3 миллион теңгелік грант иегерлері:
• Мақпал Абдирахманова – Мибұлақ ауылдық округінде мал сою алаңын ашу жобасы.
• Гүлнұр Бекежан – Қарсақпай кентінде модульді монша ашу жобасы.
• Жазира Сарсенбаева – Ұлытау ауылында шаштараз және сұлулық салоны қызметі жобасы.
• Назерке Авбаширова – Ұлытау ауылында Қылқан жапырақты ағаштарды қоршау жобасы.

4 миллион теңгелік грант иегері:
• Құрмет Ағайынбек – Ұлытау ауылында жеке қонақ үйді жиһаздандыру жобасы.

Шараның соңында аудан әкімі Аманжол Мырзабеков пен аудандық мәслихат төрағасы жас кәсіпкерлерді құттықтап, оларға бизнес бастамаларын жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді әрі ұтымды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қолдау аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.