Жағдайды жақсартып, сенімділікті арттыру үшін Жезқазған ЖЭО-на инвестиция тартылуы қажет – Роман Скляр

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына келесі жылыту маусымына дайындық және станцияны жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды. Роман Скляр биылғы жылдың соңына дейін № 4 және 9 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуді, №7 қазандық агрегатын ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ № 8 және 10 қазандық агрегаттарын жаңғыртуды аяқтауды тапсырды.

ЖЭО басшылығымен кездесуде «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында Жезқазған ЖЭО-ның №10 қазандығын салу мәселесі қаралды. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымының сапалы өтуі үшін жөндеу науқанын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

«Сіздердің есептеулеріңіз бойынша тарифті (жылу желісін және генерациялайтын көздерді) ұлғайту тұрғысынан ұсыныстарыңызға қолдау көрсеттік. Жылу желілерін де қолдаймыз. Жағдайды жақсарту, тозуды азайту, сенімділікті арттыру үшін инвестициялар тартылуы керек» – деп атап өтті Роман Скляр.

Бұдан басқа, Жезқазған ЖЭО штатында 170 адамнан тұратын жөндеу бригадасын қалпына келтіру мәселесін пысықтау тапсырылды.