Жағдайдың күрт нашарлауы — ревакцинациялау азайғаннан

Премьер-Министр Әлихан СМАЙЫЛОВ осылай деп мәлімдеді. Соған орай, Үкімет басшысы әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек.

Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.