ЖАҢААРҚАНЫҢ ЖАРҚЫРАП, ЖАҢАРАТЫН ЖЫЛЫ
Биыл Жаңаарқа ауданында ауысымына 3000 банка консервіленген ет өнімін дайындайтын цех іске қосылып, орман қорына 1 миллион 700 мыңнан астам ағаш егіледі. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Аудан әкімі Қанат Қожықаев аймақтың биылғы даму бағдарламасына кеңірек тоқталды.
Атап айтар болсақ:
• Сейфуллин, Байдалы би, Түгіскен, Талдыбұлақ ауылдық округтерінде 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, кезекте тұрған отбасыларға беріледі;
• Түгіскен ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталады;
• Жаңаарқа кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы басталады;
• Жаңаарқа кентінде 70 гектар алаңға орман питомнигі құрылады;
• Ақтүбек ауылындағы мектепке қосымша спорт залы беріледі;
• Қызылжар кентінде жаңа көпір құрылысы басталады;
• Жаңаарқа кентінде 48 пәтерлі төртқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталады;
• «Жаңа Нұр» шағын ауданында 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталады;
• Ералиев ауылында жабық ангар үлгісіндегі спорт зал ашылады;
• Жаңаарқа кентінде 210 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылады;
• Ынталы, Ақтау ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады;
• Айнабұлақ, Кенжебай Самай, Талдыбұлақ, Атасу, Манадыр, Ақбастау ауылдарында медициналық бекеттер ашылады;
• «Ашықтас» кенішінде қайта өңдеу кешені іске қосылады. Нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Жиын соңында өңір басшысы Жаңаарқа кентіндегі темір жол көпірі арқылы жаяу жүргіншілер өткелін биылдан қалдырмай ашуды тапсырды. Сондай-ақ Берік Әбдіғалиұлы аудан орталығынан талапқа сай, асфальтталған аэродром ашу жұмыстарын қолға алу міндетін жүктеді.