Жаңа басшы таныстырылды

Ұлытау ауданы əкімінің 2022 жылғы 20 қазандағы №232 өкіміне сəйкес,  Дəулет Шарипуллаұлы МАМАНОВ 2022 жылдың 21 қазанынан бастап Ұлытау ауданының тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары жəне тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Аудан əкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов жаңа басшыны ұжым қызметкерлері алдында таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Маманов Дəулет Шарипуллаұлы 1996 жылы Ө.Байқоныров атындағы Жезқазған университетін автомобильдер жəне автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.

1998-2016 жылдары аралығында Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Ұлытау аудандық бөлімінде қызмет атқарған. 2017-2019 жылдар аралығында Ұлытау ауданы əкімі аппаратында азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы болып қызмет етті.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Қоскөл ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.