ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ мен ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ саяси реформалары – барлық билік институттары
арасындағы түбегейлі жаңа конституциялық өзгерістер енгізіліп, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған нақты қадамдардың жиынтығы болды. Саяси реформалар нəтижесінде бүгінгі күнде Конституцияның 30-дан астам баптарына жəне 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қатынастардың тепе-теңдігін қамтамасыз етіп,
халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталды. Еліміздегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, нəтижесінде қазақстандықтардың жайлы өмір
сүруі үшін жасалып жатыр. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында бүкілхалықтық референдум нəтижесінде Конституцияға өзгерістер енгізіліп, бұл еліміз үшін сонымен қатар мемлекет саясатын жүргізудегі елеулі оқиға болды.
Саяси жаңғырулар нəтижесінде əкімшілік жүйенің құзіреті төмендеп, Парламенттің
құзіреті көтерілді. Қазақстанның экономика саласында қарқынды дамуы — саяси реформалардың нəтижесі. Жаңа
облыстардың құрылуы туралы шешім – халық тарапынан оң көзқараспен қабылданған шешімдердің бірі болды деп есептеймін. Аталмыш реформа нəтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа аймақтардың экономикалық-əлеуметтік өсуіне себепші болды.
Сонымен қатар Президентті сайлау мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының пайда болуы, 100 мың
жасты жұмыспен қамту сынды ауқымды реформалар болып табылады.

Эльмира ЕРШҰМАНОВА,
«Ұлытау ауданының Білім бөлімі» ҚММ «Өркен» бөбекжайының директоры, Ұлытау
аудандық мəслихатының
депутаты.