Жүздесуде – өзекті тақырып
Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен еркін форматта жүздесіп, әңгімелесті.
Оның барысында Астанада өткен «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының тұңғыш рет ұйымдастырылған форумының мақсаты мен күтілетін нәтижелері хақында кең мазмұнды ақпарат берілді.
Кездесу кезінде партияның бастауыш ұйымдарының қапысыз қарекеттері жетістіктің басты кепілі екендігі ерекше аталып өтілді.
Айта кетейік, мағыналы жүздесуге «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан Жұманов пен «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК директоры Айдын Серкебаев қатысты.