Жұртшылық жұмыла кірісті
Ұлытау ауданы Терісаққан ауылында аумақты тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Бәйге алаңынан» бастап ауыл кіреберісіне дейінгі жол бойы түрлі қоқыстардан тазартылды.
Өткізілген сенбілік жұмыстарына ауыл әкімдігі, мекеме, ұйым қызметкерлері білек сыбана кірісіп, белсенділік танытты.
Айта кетейік, сенбілік нәтижесінде 3,5 тонна ауыл ішіндегі қоқыс шығарылды.