Жүргізушілерге полиция қызметкері жаяу жол көрсетті

Ұлытау облысында полиция қызметкері ақ түтек боранда көлік жүргізушісіне жол көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Оқиға Жезді мен Ұлытау аудандарының арасындағы жол учаскесінде болған. Қатты боран салдарынан жүргізуші жолды көре алмай, қиын жағдайға тап болған.

Оқиға орнына жеткен полиция патрулі жүргізушіге жаяулап жол көрсетіп, оны қауіпсіз бағытқа бастап барған.