Жұмысшы мамандығы – қастерлі мамандық

Жұмысшы мамандығы – елдің дамуына үлес қосатын ең абыройлы салалардың бірі. Өндірісте, ауыл шаруашылығында, көлік пен құрылыс саласында қызмет ететін жұмысшылардың еңбегі арқасында халықтың тұрмысы жақсарады. Қоғамға қажетті заттар, тағам, тұрғын үй – бәрі де жұмысшы қолымен жасалады.

Бұл мамандық иелері еңбекқорлықты, төзімділікті, жауапкершілікті талап етеді. Жұмысшы – тек кәсіби шебер ғана емес, ел экономикасын алға сүйрейтін үлкен күш. Сол себепті жұмысшы еңбегін бағалау, олардың мәртебесін көтеру – маңызды міндет.

Маржан АХАНОВА,
мұғалім.