Жұмысшы мамандары – ел экономикасының қозғаушы

Қазіргі қоғамда түрлі кәсіп пен мамандық иелері бар. Солардың ішінде еңбегі ерен, бірақ кейде назардан тыс қалып жататын бір топ бар – ол жұмысшы мамандары. Олар – зауыт-фабрикаларда, құрылыс алаңдарында, жол жөндеу жұмыстарында, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы сынды салаларда қызмет ететін білікті жұмысшылар.

Жұмысшы мамандары – ел экономикасының негізін құрайтын мамандар. Оларсыз өндіріс, құрылыс, инфрақұрылым, қызмет көрсету салаларының дамуы мүмкін емес. Электрик, слесарь, дәнекерлеуші, жүргізуші, токарь, тігінші, механик, аспаз сияқты мамандықтар күнделікті өмірімізде аса маңызды рөл атқарады. Бұл мамандық иелері – қол еңбегі мен кәсіби дағдылардың үйлесімін көрсететін жандар.

Мадияр БЕЙСАЛЫ,
белсенді жас.