Жұмысшы – мәртебелі мамандық
Жұмысшы мамандық – әр қоғам үшін аса маңызды, қадірлі сала. Себебі кез келген өндіріс, құрылыс, жол салу, ауыл шаруашылығы – барлығы да жұмысшы еңбегінсіз жүзеге аспайды.
Білікті жұмысшы – ел экономикасының тірегі. Қолымен істеп, маңдай терімен нәпақа табатын еңбек адамдары әрқашан құрметке лайық. Сондықтан жұмысшы мамандықты таңдау – қоғамға пайда әкеліп қана қоймай, өзінің болашағын берік қалыптастырудың жолы.
Алтынай ШЫНЫБЕКОВА,
Ұлытау ауданының тұрғыны.