Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады

Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтерді қорғауды және қолдауды тапсырды. Бүгінде осы бағытта «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Министрлік педагогикалық қауымдастықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ұстаздарды аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесін пысықтауда. Оның ішінде ұстаздардың авторлық бағдарлама әзірлеуіне қатысты мәселе бүгінде өзекті болып отыр. Ал магистратура бітірген ұстаздарға бірден біліктілік санатын беру жөніндегі ұсынысқа мен қарсымын. Себебі, орта білім жүйесінде мұғалімнің біліктілігі оның сабақ берудегі кәсіби шеберлігінің деңгейіне қарай бағалануы тиіс», – деді Жұлдыз Сүлейменова.