Жүкті әйелдер мен жасөспірімдер «Pfizer» вакцинасын алып жатыр
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 555 548 адам, 2-компонентін 9 335 596 адам салдырған.
COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, елімізде сондай-ақ, жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр.
1 тамызға дейін препараттың I дозасын 1 234 606 адам, ІІ дозасын 1 187 119 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен егілді: жасөспірімдер – 871 867, жүкті әйелдер – 41 435, бала емізетін әйелдер – 145 182.
ІІ компонентімен вакциналанды: жасөспірімдер – 854 052, жүкті әйелдер – 39 185, бала емізетін әйелдер – 141 187.