Заң үстемдігі – әділ қоғамның басты қағидасы

Заң үстемдігі – мемлекеттің өркендеуі мен қоғамдағы тұрақтылықтың басты кепілі. Бұл ұғым демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін құрайды. Заң үстем болған жерде әділдік салтанат құрып, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы сенімді түрде қорғалады. Сондықтан заң мен тәртіпке бағыну – азаматтың мәдениетінің, жауапкершілігінің және елге деген құрметінің көрінісі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет қағидаттарын ұстанып, қоғам өмірінің барлық саласында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта әділетті сот жүйесін қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру сияқты маңызды міндеттер атқарылуда.

Әділ қоғам орнату үшін ең алдымен әрбір азаматтың санасында құқықтық мәдениет пен заңға құрмет сезімі орнығуы қажет. Заң талаптарын орындау – тек қорқыныштан туындайтын міндет емес, ол – жауапкершіліктің және адамгершіліктің өлшемі. Тәртіп пен әділдік сақталған жерде сенім мен тұрақтылық қалыптасады, ал заңды белден басқан ортада қоғамның дамуы тежеледі.

Заң үстемдігі ұғымы тек сот пен құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Ол – мемлекеттік басқарудың барлық саласында, сонымен бірге, әр азаматтың күнделікті өмірінде көрініс табуы тиіс қағида. Заңды сақтау – мемлекеттік қызметкердің де, қарапайым азаматтың да ортақ парызы.

Құқықтық тәртіптің нығаюы – әділ қоғам мен сенімді болашақтың негізі. Сондықтан әрбір қазақстандық заң талаптарын білуге, оны құрметтеуге және өз іс-әрекетінде басшылыққа алуға міндетті. Бұл – ел дамуы мен ұлт бірлігінің басты шарты.

Заң үстемдігі – әділ қоғамның басты қағидасы деген ұстаным тек ұран емес, ол – мемлекет пен қоғамның өзара сенімге, әділдікке және жауапкершілікке негізделген өмір сүру формуласы. Заңға сүйенген ел ғана тұрақты дамуға және әділетті болашаққа қол жеткізеді.