Қытайда Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстан мәдениет орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Мемлекет басшысы бұл оқиғаны қазақ-қытай халықтарының рухани байланысындағы тарихи күн деп атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылғанын, ал Қытайда Лу Бань зертханасының екі жаңа орталығы іске қосылғанын айтты.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып жатқанын, былтыр тауар айналымы рекордтық 44 млрд долларға жеткенін атап өтті.