Қысқы жол: қамданбай жүрудің қаупі бар
Биыл желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап аудандық ТЖ бөліміне ауа-райы қолайсыздығынан жолға шыққан жолаушылардың жолда қалып, өз күштерімен межелеген жерге жете алмауы туралы хабарламалар түсіп жатыр.
Көмекке жіберілген күш құрамдары жолда қалған азаматтарға барғанда олардың көмегіне қайшы əрекеттер жасап жататындары да аз емес. Көмекке барған қызметкерлерге азаматтар өздерімен бірге автокөліктерінде қоса алып кетулерін талап етеді.
Алайда, құтқарушылардың азаматтарға өздерін ғана жеткізе алатындықтарын айтқанда, көптеген түсініспеушіліктер болатындықтары өкінішті. Осындай жағдайларда көптеген кедергілердің болуынан бөлім қызметкерлерінің уақыттары жоғалады. Осындай келеңсіздіктер бөлімге түскен басқа да хабарламаларға баруға кедергі келтіреді.
Негізінде, осындай оқиғалар өзіміздің күнделікті ауа-райы мəліметтеріне жəне ұялы байланыс арқылы келген ескертулерге аса мəн бермейтінімізден туындайды.
Ауа райы мəліметтерін біле тұра жолға шығу қауіпті екендігін назарыңыздан тыс қалдырмағандарыңыз жөн. Ауа райы қолайсыздығын біле тұра жолға шығу, ол дегеніміз – өзіңіздің жəне жаныңыздағы жолаушыларды ғана емес құтқаруға шыққан қызметкерлерді де аса қауіпті жағдайда қалдыру екенін естен шығармаңыз.
Яғни, бөлім қызметкерлерінің уақытын алуларыңыз жолда қалған басқа да азаматтарды құтқаруға кедергі жасайтындарынызды есте сақтап, құтқару топтарының жұмыстарына түсіністікпен қарап, қызметкерлердің қойған талаптарын орындап, жауапкершілікпен қарағандарыңыз жөн.
Сонымен қатар, жолға шығарда автокөліктің сақадай сайлығын да тексеру керек. Өзімізбен бірге құрғақ тамақ, күрек, оттық (паяльная лампа), трос, тасшам, дəрі-дəрмектер, жылы киімдер жəне т.б керек-жарақтарды алу керек. Өз өміріңіз бен жақындарыныздың өміріне аса салғырттықпен қарамаңыз.
Жоғарыдағы мəліметтерді қорыта келе, аудан көлемінде қыс мезгілі наурыз айының аяғына дейін сақталатыңдығын ескерте отырып, алыс жолға шығарда ауа-райын зерттеу орталығының берген шұғыл хабарламаларына зейін қойғандарыңыз абзал екенін ескертеміз.
ЕСКЕРТУ: жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, үрейге салынбай «101», «112» байланыс телефондарына қоңырау шалып хабар жеткізіңіздер.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.