«Қыс-2024»: құтқарушылар қысқы маусымға дайын

Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакиповтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйе күштерін дайындау шаралары ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу барысында:

• Қолданыстағы күштер мен құралдардың саптық тексерісі жүргізілді;
• Қар құрсауында қалған автокөліктегі азаматтарды құтқару;
• Алғашқы медициналық көмек көрсету;
• Жапан далада адасып кеткен адамдарды іздеу бойынша тәжірибелік іс-қимылдар пысықталды.

Іздеу-құтқару операцияларына төтенше жағдайлар бөлімі және басқа да мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты.

Бұл шаралар қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.