Құқықтық тәртіп – өмір қағидаты

Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты.

Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Құқық қорғау органдарының жұмысы азаматтардың бойында заңсыздыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. Бұған құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпаратты тарату және құқықтық тәртіптің жоғары стандарттарын сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Асылбек ОРАЗБЕК,
Ұлытау ауданының тұрғыны.