Вакцинаны таңдауға қажет мәліметтер
Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусқа қарсы 4 вакцина қолжетімді. Олар: Спутник V; QazVac; Hayat-Vax; CoronaVac. Бұлардан бөлек, алдағы уақытта Спутник Лайт пен Pfizer вакциналары салына бастауы мүмкін. 15 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі Спутник Лайтты тіркесе, Pfizer вакцинасын жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстанда вакцинаны таңдауға ерік берілген. Бірақ, таңдауды қалай жасаған дұрыс? Осы орайда Informburo. kz қолданыстағы вакциналардың әрбірі туралы нақты мәліметтерге негізделген түсіндірмені ұсынады.
Спутник V
- Тиімділігі: 91,66%
- Қазақстанда екпе алғандардың үлесі: 83,1%
- Мақұлдаған елдер саны: 70
Аденовирус векторына негізделген векторлық вакцина SARSCoV-2 вирусының генетикалық материалын (тікенді қабық ақуызы) адам жасушаларына жеткізу үшін кәдімгі суық тиюді тудыратын аденовирус тұқымдасының басқа вирус қабығы қолданылған кезде векторлық технологияны қолданып жасалған. Жасушалар иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, солайша организм вируспен күресуді үйренеді. Вакцинада Covid-19 тудыратын коронавирус жоқ, сондықтан вакцинациядан кейін ауырып қалу мүмкін емес.
Әлемде алғашқы болып тіркелген вакцинаны Н.Ф.Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірледі. Спутник V – тиімділігі 90% -дан асатын әлемдегі үш вакцинаның бірі. Оның тиімділігі – 91,66, коронавирус инфекцияның ауыр жағдайларына қарсы тиімділігі – 100%. 3,8 миллион ресейлікті вакциналаудың нәтижесінде Спутник V тиімділігі 97,6% құрады.
Иммун реакциясын күшейту үшін вакцина 3 апта аралығымен екі рет жасалады. Бірінші вакцинамен – 26 аденовирус серотипіне негізделген вакцина, ал екіншісімен 5 серотип енгізіледі.
QazVac
- Тиімділігі: 96%
- Қазақстанда екпе алғандар дың үлесі: 1,7%
QazVac – «өлтірілген» вирустан жасалған вакцина. Препарат коронавирус ауруының вирусы мен оған қосылған иммуностимулятордан тұрады. Одан бөлек құрамында су және аздап тұз бар. 2020 жылы көктемде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы отандық препаратты Covid-19-ға қарсы кандидат вакциналар тізіміне енгізді. QazVac вакцинасын білім және ғылым министрлігіне қарасты биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария QazVac мутацияланған кез келген вирусқа қарсы тұра алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, инактивтелген вакцина толығымен вирус бөлшегінен жасалған. Онда вирус құрамындағы ақуыздардың барлық спектрі бар. QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.
Бірінші және екінші клиникалық кезеңдерде QazVac тиімділігі 96%- ды құрады. Клиникалық зерттеулерге 3 000 ерікті қатысқан.
Corona Vac
- Тиімділігі: 91,25%
- Қазақстанда екпе алғандардың үлесі: 4,7%
- Мақұлдаған елдер саны: 37
Бұл вакцинаны Қытайдың жеке меншік биотехнология компаниясы Sinovac Biotech жасап шығарды. Вакцина қатерсіздендірілген, яғни құрамында өлтірілген вирус бөлшектері бар. Вакцина екі апта аралықпен екі доза егіледі.
Бірінші және екінші фазаның қорытындылары The Lancet журналында жарияланды. Зерттеудің бірінші кезеңінің 144 қатысушысы мен екінші кезеңде 600 қатысушыға негізделген нәтижелер вакцинаны «шұғыл қолдануға» жарамдылығын көрсетті. Сынақтардың үшінші кезеңі Бразилия, Түркия, Индонезияда өтіп жатыр.
Тиімділік туралы алдын ала деректер:
- Түркия – 91,25%;
- Индонезия – 65,3%;
- Бразилия – 50,4%.
Вакцинаның жалпы тиімділігі Бразилиядағы сынақтар кезінде төмен болғанына қарамастан ол аурудың ауыр түрлерінен күшті қорғаныс көрсетті. Бразилияда зерттеуге қатысып, вакцинаны алғандардың ешбірі ауруханаға жатқызылмаған. 2020 жылы қараша айының басында бір ерікті қайтыс болғаннан кейін сынақ қысқа уақытқа тоқтатылды. Өлімнің вакцинамен байланысы жоқ екені дәлелденген соң сынақ қайта басталды.
- Тиімділігі: 79,3%
- Қазақстанда екпе алғандардың үлесі: 10,3%
- Мақұлдаған елдер саны: 56
Sinopharm компаниясының Біріккен араб әмірлігінде шығарған Hayat-Vax вакцинасы өлтірілген, яғни көбейіп зақымдай алмайтын бейтараптандырылған вирустан тұрады. Ғалымдар вирусты бета пропиолактонмен «өлтірген». Вакцина алюминий тұздары негізіндегі иммунды реакция күшейткіштерімен толықтырылған. Екпе құрамындағы алюминий тұздарынан үрейленудің қажеті жоқ. Олар ағзадағы көптеген процестерге қатысады, көкөністер мен жемістердің құрамында үлкен мөлшерде кездеседі. Вакцинаның екі дозасы үш апталық аралықпен салынады.
Зерттеудің бірінші және екінші кезеңі вакцинаның ешқандай ауыр жанама әсерлерді тудырмайтынын әрі адамдарда коронавирусқа қарсы антиденелерді қалыптастыратынын көрсетті. Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкстан, Перу және БАӘ-де жүргізілген зерттеудің үшінші кезеңіне 68 000 астам адам қатысты. Мәлімделген тиімділігі – 79,3%, аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиімділігі – 100%.
2020 жылдың жазында Қытай үкіметі вакцинаны шұғыл түрде медицина қызметкерлеріне, шенеуніктерге және тұрғындар арасында басымдық берілген топтарға қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның ұсынылған екі дозасы жеткілікті иммунды реакция тудырмағандықтан БАӘ-дегі вакцина алғандардың біразы үшінші вакцинаны салдыруға шақырылған. 2021 жылдың ақпанында Қытай зерттеушілері вакцинадан туындаған антиденелердің оңтүстік африкалық штамға қарсы реакциясы аз ғана әлсіздеу деп хабарлады.
Төмендегі 2 вакцина Қазақстанда әзірге қолданылмайды. Бірақ, келіссөздер жүріп жатыр.
1.Спутник Лайт
- Тиімділігі: 79,4%
- Мақұлдаған елдер саны: 10 15 шілдеде Қазақстан ресейлік Спутник Лайт вакцинасын толық тіркеп, вакцинаны елге алып келу бойынша келісімшарт жүргізіліп жатыр.
Спутник Лайт – бір дозалы вакцина, Спутник V екпесінің алғашқы компоненті. Кейбір азаматтарымыз коронавирусқа қарсы вакцинаны екі рет салғызғысы келмесе, осы Спутник Лайт вакцинасын ала алады.
2020 жылдың 5 желтоқсаны мен 15 сәуір аралығында жаппай вакциналау бағдарламасы аясында екпе алған ресейліктердің иммундау нәтижесін талдау негізінде Спутник Лайт бір компонентті вакцина тиімділігі 79,4%-ды құрады. Гамалея атындағы ғылыми орталық Спутник Лайтты коронавирустың барлық жаңа штамына қарсы тиімді деп таныды.
2.Pfizer/BioNTech
- Тиімділігі: 95%
- Мақұлдаған елдер саны: 96
Pfizer – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина. Вакцинаны америкалық Pfizer және германиялық BioNTech компаниялары бірлесе әзірледі. Вакцинаның ресми атауы – тосинамеран немесе BNT162b2. Вакцинаның құрамына келесі ингредиенттер кіреді: мРНҚ, липидтер (4-гидроксибутил, азандиил) бис (гексан-6,1-диил) бис (2-гексилдеканоат), 2 [(полиэтиленгликоль) -2000] -N, N-дитетрадецилацетамид, 1,2-дистеореил-sn-глицеро-3-фосфохолин және холестерин), калий хлориді, бір негізді калий фосфаты, натрий хлориді, екі негізді дигидрат натрий фосфаты және сахароза.
Вакцинаның негізгі компоненті – матрицалық РНҚ молекуласы. Онда коронавирус қоздырғышы – SARS-CoV-2 туралы ақпарат бар. Молекула адам жасушасына енген соң ақуыз синтезделіп, организм иммундық жауап береді. Екі дозаның арасы 21 күн болуы керек. Вакцина -70°C температурада сақталады. Жеткізілген соң оны ерітіп, бес күн ішінде қолдану қажет.
Вакцина құрамында SARSCoV-2 вирусының өзі жоқ, сондықтан коронавирус тудыруы мүмкін емес. Жүргізілген сынақтар нәтижесінде Pfizer/BioNTech екпесінің тиімділігі – 95%.
Израиль Денсаулық сақтау министрлігі және өндірушілерінің зерттеулеріне сәйкес, Pfizer/ BioNTech вакцинасы коронавирустың таралуын 89,4%-ға алдын алады. Вакцинацияланған адам коронавирус жұқтырса өлімнен 99%-ға қорғайды.
Pfizer/BioNTech вакцинасын әлемнің 96 елі мақұлдаған. Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді. Ведомство ақпаратына сәйкес, Pfizer Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізілмек. Сондай-ақ 12 жастан асқан балаларға Pfizer екпесін салу жолдары қарастырылып жатыр. Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығында 2 миллион бала бар.
(Ғаламтор желісінен алынды).