Цифрлық білім – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі

Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған елді цифрландыру бастамасын қолдау мақсатында мектебіміздің кітапханасына «TopIQ–Mobil Box» мобильді білім беру станциялары беріліп, толықтай құрастырылып, пайдалануға дайын күйге келтірілді.

Ұлытау ауданы білім бөлімінің Егінді ауылы «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ үшін бұл — оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, кітапхана жұмысын жаңа форматта ұйымдастыруға берілген үлкен мүмкіндік.
Аталған заманауи құрылғылар білім алушылардың оқу үдерісін қызықты әрі тиімді етіп, цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен пайдалануға жол ашады.

Осындай игі бастамалар үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.
Оқушыларымызға толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.

Өз тілшімізден.