Тоқаев Қасиетті Тақтың басшылығын Астанаға шақырды
Президент Қасиетті Тақтың мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесті.
Қасиетті Тақтың хатшысымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен өте мазмұнды әрі нәтижелі жүздесу болғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ватиканның дәйекті қолдауының арқасында Қазақстан өткізіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері діни қауымдар арасында өзара түсіністік пен құрметті нығайтатын маңызды алаңға айналды.