Тексеру жүргізудің тәртібі мен негіздерін түсіндіру

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңға сәйкес тіркеу сатысында тексерулерді тағайындаудың негізділігін зерделеу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік органдардың олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау болып табылады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу туралы» Заң күшіне енді.
Реформа шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекске (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Кәсіпкерлік кодекстің өзгерістеріне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау тексеру, тергеп-тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тәртіп салалық, заңнамада айқындалады.
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртіп кәсіпкерлік кодекспен айқындалады, жартыжылдық тізім негізінде жүргізіледі.
3) бақылау сатып алу-сату (тәртіп салалық заңнамамен айқындалады, хабарлама сипатында болады).
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тексерулер, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарлама бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер рұқсат беру құжаттары мен қызметінің басталғаны туралы хабарламалар берілген жағдайда жүргізіледі.
2) жоспардан тыс тексерулер-адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексерулерді тағайындау үшін негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру болып табылады.
Жоспардан тыс тексерулерді тағайындау негіздері Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 5-тармағымен қарастырылған.
Бақылау нысандарының бірі болып табылатын тергеп-тексеру мемлекеттік органдардың Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын іс-қимыл кешені болып табылады. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі салалық заңнамада айқындалады.
Тергеп-тексеруді тағайындауға негіздер Кәсіпкерлік кодекстің 144-4 бабының 3-тармағымен қарастырылған.
Талаптарға сәйкестігін тексеру бекітілген кесте, бұрын берілген рұқсаттар не келіп түскен хабарламалар, сондай-ақ тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болған кезде, оның басталу күні көрсетіле отырып тіркеледі.
Тергеп-тексеру және бақылау мақсатында сатып алу құқықтық статистика және рнайы есепке алу органдарында тіркелмейді.
Сонымен қатар, тіркеу және есепке алу субъектілері бақылау сатып алуды, тергеп-тексеруді өткізудің басталғаны және олардың нәтижелері туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын шешім қабылдау қорытындылары бойынша келесі жұмыс күні ішінде «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер тағайындау фактілерінің жолын кесу үшін «Qamqor» ақпараттық сервисі мен мобильді қосымшасы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Тіркелген пайдаланушыларға мобильді қосымша арқылы алдағы тексеру туралы хабарлама жіберіледі.
Тексеру туралы толық ақпаратты Комитеттің www.qamqor.gov.kz порталы арқылы тиісті өріске тексеру актісінің тіркеу нөмірін толтыру арқылы алуға болады.
Мемлекеттік органдармен кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексерулер тағайындалған жағдайда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, үй №1, №220 кабинет) келу арқылы немесе 8 (702)756-33-22 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы хабарлай аласыздар.

Ұлытау облысы бойынша
құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі департаменті.