Тазалық деген – ұрпақ алдындағы аманат
Қазақстанды таза қылу – қоқысты көрсе қабағын түйетін, жанында тұрған бөтелкені алып жәшікке тастай салатын, табиғатты «біреудің міндеті» емес, «өзімнің үйім» деп қарайтын адамдар көбейгенде ғана шын мәнінде жанданады.

Бұл жерде әкімдік те, заң да, айыппұл да толық тәрбие бере алмайды. Тәртіп – адамның ішкі әміршісі. «Таза Қазақстан» – табиғатты қорғау ғана емес, болашаққа деген ыждаһаттылықтың көрінісі. Өз елінің көшесін, суын, ағашын құрметтей алған адамның ойы да, жүрегі де тазара түседі. Осындай кішкентай әрекеттерден үлкен мәдениет туады. Ал мәдениетті қоғам – өз табиғатымен тіл табыса алған қоғам. Осындай үйлесімділікке ұмтылу біздің ең маңызды миссиямыздың бірі болып қала береді.
Қаламқас АБДИКАРИМОВА,
жеке кәсіпкер.
