Таза өзен – таза жағалау
Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады жəне жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады.
Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері əр түрлі. Климаты құрғақ шөл жəне шөлейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.
Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары). Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында, Арал жəне Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.
Қазіргі уақытта жер шарында проблема болып жатқан экологиялық жағдайлар да айлар, жылдар, ғасырлар өткен сайын адам қолымен жасалған жағдайлардың салдары десек қате болмайды. Яғни жан тазалығы мен қоршаған орта тазалығын да лайлайтын ол – адам. Біз адамдар –тіршіліктің ең саналы, ең қабілетті мүшесіміз. Дегенмен қоршаған орта түгілі өз жанымыздың тазалығын сақтай алмаймыз. Ақыл мен айланы ажырата алмайтын кездер көп кездеседі. Сəбилік пəктіктің 0,1 пайызын болса да сақтап қалғымыз келсе, ең алдымен өзіміздің «Адам» екенімізді ұмытпағаныƏр адам адамдық қасиеттің бір ғана түйірін бойында сақтап қала алса, бүгінгідей экологиялық проблемалар болмас еді. Ең бастысы əр бала экологиялық сауатты болуы керек. Əр сəби жан тазалығына құштар болып өсуі керек. Өзге біреуден естіген əрбір қатты сөзден адам жаны қалай жараланса, əр тапталған көк шөп, əр сынған бұта, əр қанаты майысқан құстың да дəл осындай сезімде боларын түсінуі қажет. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» дегенді бəріміз білеміз. Адам да осы табиғаттың бір мүшесі болғандықтан басқа мүшелерімен тығыз байланыста болары түсінікті. Адамның он екі мүшесі сау болғаны қаншалықты маңызды болса, табиғатты да құрайтын барлық мүшенің амандығы бəріміз үшін маңызды болуы тиіс.
Баубек БОЛАТҰЛЫ,
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ Рекреация жəне туризм инженері.