«Таза Қазақстан» – таза табиғат, таза ой

«Таза Қазақстан» жобасы – еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Бұл бастама әрбір азаматты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады. Қоршаған ортаны таза ұстау – тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрқайсымыз өз ортамызды таза ұстап, табиғатты аялауға үлес қосқан жағдайда ғана еліміздің экологиялық жағдайы жақсарып, болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалдырамыз.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
Ұлытау ауданының тұрғыны.