«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Аталған бастама елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және азаматтардың экологиялық сана-сезімін көтеруге бағытталған.
Тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы арқылы қоғамда еңбекке құрмет, ұқыптылық және жауапкершілік қағидаттары нығая түседі. Бірлескен әрекет нәтижесінде еліміздің экологиялық ахуалы жақсарып, қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасы қалыптасады.
