«Таза Қазақстан» акциясы аясында 4 млн-нан астам ағаш отырғызылды

«Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды. 4 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ», — деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент осы жұмысқа атсалысып жатқан азаматтарға, әсіресе жастарға алғыс айтты.