«Тау марафоны» мәресіне жетті
Ұлытау ауданының 85 жылдығына орай, ауданда түрлі іс-шаралар өтіп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Соның бірі – Баубек БҰЛҚЫШЕВ атындағы тау марафоны. Аудан орталығында өткен жарысты Ұлытау ауданының əкімдігі, аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Жүгіру марафонында жалпы саны 50-ге жуық қатысушы бағын сынады.
Бағдарлама бойынша əйелдер – 3 шақырымға, ерлер – 10 шақырымға жүгірді. 18 бен 29 жас аралығында мəре сызығын алғашқы болып, Еламан Ізтілеуов кесті. Екінші орынға Еламан Əбжаппар, үшінші орынға Елдар Əділ ие болды.
30 бен 39 жас аралығындағы бəсекеде бірінші орынды Жасұлан Алшынбек, екінші орынды Ержан Қоңыров, үшінші орынды Нұржан Бейісбеков иеленді.
40 пен 49 жас аралығындағы жарыста бірінші орынды Ардақ Əбдірахманов, екінші орынды Мұрат Дəулетбай, үшінші орынды Есхан Тілеуов жеңіп алды. Сондай-ақ, марафонға 50-ден асқандар да қатысып, қайсарлық танытты. Солардың ішінде 53 жастағы Аманбек Баймағанбетовке бірінші орын, 54 жастағы Жасұлан Сəрсеновке екінші орын, 56 жастағы Данабек Нұғымановқа үшінші орын бұйырды. Ал, əйелдер арасындағы жарыста Қарлыға Төлеш бірінші орынға, Əсемкүл Əбдірайым екінші орынға, Қымбат Жүсіпова үшінші орынға табан тіреді.
Марафон соңында аудан əкімі Аманжол Мырзабеков пен аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов жеңімпаздарға медальдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.