«Тәуелсіздік ұрпақтары» Республикалық жобасы аясында Ұлытау ауданы әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға арналған гранты
Ұлытау ауданы әкімінің
2023 жылғы «11» шілде
№ 33/ө өкіміне
1 қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары» Республикалық жобасы аясында Ұлытау ауданы әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға арналған гранты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» Республикалық жобасы аясында Ұлытау ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға арналған грантын беру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Ұлытау ауданы жастарының бастапқы бизнес-жобасын іске асыруға немесе қызмет етіп тұрған бизнес-жобасын дамытуға арналған гранттарды беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Ұлытау ауданы әкімінің жастардың бастапқы бизнес-жобасын және қызмет етіп тұрған бизнес-жобасын дамытуға қолдауға арналған грантын (бұдан әрі – Грант) беру «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №918 қаулысына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) грант-жобаның бизнес-жоспарында айқындалған, оларды нысаналы пайдалану шартымен грант алушыға өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
2) грант алушы-жастар кәсіпкерлігін қолдауға гранттар беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып табылатын жеке тұлға;
3) конкурсты ұйымдастырушы-мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде грант беруді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ретінде әрекет ететін, үкіметтік емес ұйым нысанындағы заңды тұлға;
4) жұмыс органы – Ұлытау ауданы аумағында жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын орган және жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және қолдауды, жастар ортасындағы жағдайға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға.
5) бастапқы бизнес-жоба-конкурсқа қатысушының бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастамасы;
6) қолданыстағы бизнес-жоба-конкурсқа қатысушының кемінде бір жыл жеке кәсіпкерлік шеңберінде іске асырылатын бизнес-жобасы;
7) конкурстық өтінім-осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, конкурсқа қатысу үшін жеке тұлғаның өтініші;
4. Гранттар Ұлытау ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған гранттарын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі — Комиссия) шешімі бойынша конкурстық негізде беріледі.
5. Соңғы бір жылда Ұлытау ауданына қарасты елді-мекендерінде тұрақты тұратын, он сегіз жастан отыз бес жасқа (қоса алғанда) дейінгі, Қазақстан Республикасының азаматтары, жұмыссыз жастар, жаңадан кәсіп ашатын жастар және кәсібін дамытатын жас кәсіпкерлер Грант тағайындау жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі — Конкурс) қатыса алады.
6. Грант шеңберінде ұсынылған бизнес-жобаларды қолдау және қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2 тарау. Гранттарды беру шарттары
7. Конкурс жеңімпаздарына комиссияның шешімі бойынша бизнес-жобалардың бюджетіне байланысты 3 000 000 (үш миллион) теңге мөлшерден бастап Грант беріледі.
8. Грант қаражаты қажетті құрал-жабдықтарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, екпе көшеттерді сатып алу, туризмді дамыту, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында бизнес-жобаны іске асыру үшін, үй-жайларды жалға алу үшін нысананың мақсатына сәйкес пайдаланылады.
9. Грант қаражатын мақсаттан тыс жұмсауға тыйым салынады.
3 тарау. Гранттар беру тәртібі
10. Конкурстық өтінімдерді қабылдау туралы ақпараттық хабарлама Ұлытау ауданы әкімдігінің және жұмыс органының әлеуметтік желідегі парақшаларында, Ұлытау ауданының аумағында таратылатын апта сайынғы баспа басылымдарында жарияланады.
11. Ақпараттық хабарламада конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері, құжаттарды қабылдау пункттердің мекен-жайлары, кеңес беру мақсатында телефон нөмірлері көрсетіледі.
12. Ақпараттық хабарламада көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.
13. Қатысушының конкурстық өтінімі төмендегідей құжаттардан тұрады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
4) кәсіп ашуының қызмет көрсететін банкте несиелік берешегінің болуы (болмауы) туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);
5) жеке кәсіпкерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талап).
14. Жұмыс органы ұсынылған конкурстық өтінімдер негізінде қабылдау аяқталған күннен
бастап жеті жұмыс күні ішінде грант беру үшін үміткерлердің тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оларды Комиссияның қарауына жібереді.
15. Жұмыс органы грант тағайындау үшін үміткерлердің тізімін өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және өзге де ақпараттық интернет ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.
16. Конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 14-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қатысушыға пысықтау үшін қайтарады.
17. Талап етілген құжаттар топтамасы белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушыға грант беру үшін үміткерлер тізіміне енгізілмегені туралы хабарлама жібереді.
18. Грант тағайындау үшін үміткерлердің тізімі жарияланғаннан кейін жұмыс органы бизнес жобаларды қорғауды жүргізу үшін комиссия отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді. Бизнес жобаларды қорғау көзбе-көз тәртіпте жүргізіледі.
19. Комиссия отырыстарын өткізу күнін, уақытын және орнын конкурсты ұйымдастырушы қатысушыларға хабарлайды.
20. Комиссия шешімінің негізінде грантқа қатысушылардың арасынан ең жоғары балл жинаған қатысушылардың тізімі (грант алушылардың тізімі) қалыптастырылады.
21. Конкурстың жеңімпаздарының арасынан гранттан бас тартқан қатысушы анықталған жағдайда, грант алушылар тізіміндегі соңғы қатысушыдан кейінгі ең жоғары балл алған қатысушы грант алушы болады.
22. Жастар ресурстық орталығы КММ ,өнім беруші және грант алушы арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын үш жақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады грант алушыға ақшалай төлемдерді жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
23. Грантты жеңімпаздарына ақшалай сертификатты табыстау рәсімі комиссия төрағасы мен мүшелерінің, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.
4 тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
24. Комиссия құрамы мемлекеттік орган өкілдерінен, мәслихат депутаттарынан, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ғылыми-білім беру мекемелері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен құрылады.
25. Комиссия құрамы Ұлытау ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.
26. Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, екі мүше және хатшыдан тұрады.
27. Комиссия төрағасы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары тағайындалады және ол өз құзыреті шегінде комиссияның қызметіне басшылық жасап, рәсімдік мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды әрі комиссиямен қабылдаған шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауда ұстайды.
28. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
29. Комиссия мүшелерінің құқығына грантқа қатысушыларды іріктеу, талапқа сай ұсынылған құжаттарды талдап, бағалау және талапқа сай келмейтін құжаттарды қабылдамау кіреді.
30. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды әзірлейді.
31. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы болмайды.
32. Бизнес-жобаларды қорғауды өткізу туралы комиссия отырыстарына төраға бастамашылық етеді. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, сондай-ақ оны бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
33. Комиссия отырысына комиссия мүшелердің жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
34. Гранттар комиссия мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған бірінші үміткерге беріледі.
35. Бизнес-жобалар бойынша жалпы баллдар тең болған жағдайда, комиссияның грант беру туралы шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
36. Комиссия отырыстарына төрағаның шешімі бойынша шақырылған адамдар дауыс беру құқығынсыз тәуелсіз бақылаушы ретінде қатыса алады.
37. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері, хатшысы және төрағасы қол қояды.
38. Хаттамаға қорытынды бағалау тізімдемесі және осы Ережедегі 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жасалған грант алушылардың тізімі қоса беріледі.
39. Жұмыс органы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Ұлытау ауданының аумағында таратылатын ақпараттық сайттарда және апта сайынғы баспа басылымдарында грант алушылардың тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
5 тарау. Бизнес-жобаларды бағалау
40. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бизнес-жобаларды бағалауды жүзеге асырады.
41. Бизнес-жобаның жалпы балы Бизнес-жобаны қорғауды бағалау нәтижелері бойынша қойылған комиссия мүшелерінің орташа балынан және бизнес-жобаны техникалық бағалау қорытындылары бойынша баллдар сомасынан құралады.
Бизнес-жобаларды қорғау шеңберінде бағалау мынадай өлшемшарттарды қамтиды:
1) бірегейлік;
2) өзіндік ерекшелігі;
3) бәсекеге қабілеттілік;
4) енгізуге дайындық;
5) нарықтық сұраныс деңгейі;
6) әлеуметтік әсер.
Бизнес-жобаларды техникалық бағалау мыналарды қамтиды:
1) жастарды, жоғарғы оқу орындарының немесе арнайы орта білім беретін оқу орындарының соңғы курстарының күндізгі бөлімінің студенттерін, жұмыссыздар және NEET санаттарына жатқызу жолымен грантқа қатысушының әлеуметтік мәртебесін айқындау;
2) қоса қаржыландыру мүмкіндігінен, сондай-ақ мүлікке құқықтардың бар болуынан және оны әзірлеуден көрінетін қатысушының бизнес-жобасын іске асырудың басым жағдайлары негізінде жүзеге асырылады.
6 тарау. Гранттардың іске асырылу мониторингі
42. Гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті бизнес-жобалардың аумақтық тиесілігіне қарай жұмыс органы «Ұлытау ауданының жастар ресурстық бөлімі» КММ жүзеге асырады.
43. Грант қаражатын нысаналы пайдалану мерзімі шарт жасалған күннен бастап отыз алты айдан кем болмауы тиіс.
44. “Ұлытау ауданының жастар ресурстық бөлімі” КММ шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
45. “Ұлытау ауданының жастар ресурстық бөлімі” КММ тоқсан сайынғы негізде мынадай ақпаратты қамтитын грант алушылардың бизнес-жобаларын іске асыру туралы талдау жүргізеді:
1) Гранттар алған адамдардың саны туралы;
2) грант алушылар құрған жұмыс орындарының саны туралы;
3) сатып алынған құрал-жабдықтардың, еңбек құралдарының, технологиялық жабдықтың саны, түрлері туралы, сондай-ақ үй-жайларды жалдауға ақы төлеуге бағытталған қаражат туралы ақпарат қамтылуға тиіс;
4) грант алушының Шарт талаптарын орындауы туралы;
5) гранттың нысаналы пайдаланылуы бойынша мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
46. Грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген факт туралы грант алушыны жазбаша хабардар етеді және Грант алушымен шартты бұзу туралы, сондай-ақ грант қаражатын кері қайтару жөнінде шешім қабылдайды.
47. Қаражат мынадай жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде) қайтарылуға жатпайды:
1) грант алушы қайтыс болған жағдайда;
2) грант алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайларда;
3) грант алушы банкрот деп танылған жағдайда;
4) грант алушының іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда.
Қосымша 1
Тәуелсіздік ұрпақтары Республикалық жобасы аясында Ұлытау аудан әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған
грантын тағайындау бойынша конкурсына қатысу үшін
Конкурстық өтінім
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Білімі
Ағымдағы қызметі
(жұмыс орны, лауазымы / оқу орны)
Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефондар, электрондық пошта)
Тұрғылықты мекен-жайы
Бизнес-жоба атауы
Ұлытау ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған грантын тағайындау үшін менің конкурстық өтінімімді қарауды сұраймын.
Грантқа үміткер:
□ бастапқы бизнес-жоба;
□ қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту.
Әлеуметтік мәртебесін растаймын:
□ жұмыссыз;
□ NEET жастар;
□ жоғары оқу орындарының немесе орта арнайы оқу орнының соңғы курстарының күндізгі бөлімінің студенті.
Бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру:
□ бар;
□ жоқ.
Бизнес-жобаны іске асыру үшін мүлік пен әзірлемелерге құқығы:
□ бар;
□ жоқ.
Бизнес-жобаларды іске асыруға гранттар нысанында қаржыландыру:
□ жоқ, алған жоқпын;
□ иә, облыс әкімінің 20__ жылғы гранты __________;
□ иә, 20__ жылы қала/аудан әкімінің гранты __________;
□ иә, 20__ жылы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде («Еңбек», «Бизнестің жол картасы») грант __________;
□ иә, 20__ жылы басқа көздерден (жеке және халықаралық қорлар, ұйымдар) грант __________;
□ грант алуға қолданыстағы өтінім бар ___________________________________________________________;
Өтінішке жастар кәсіпкерлігін қолдауға Ұлытау ауданы әкімінің грантын беру Ережесінің 14-тармағына сәйкес төмендегідей құжаттар қоса беріледі:
□ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
□ осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
□ қызмет көрсететін банкте несиелік берешектің болуы (болмауы) туралы анықтама;
□ жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
Конкурстық өтінімде және оған қосымшаларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын және менің дербес деректерімді автоматтандырылған түрде өңдеуге жеке келісім беремін.
Менің келісімім қол қойылған күнінен бастап жазбаша нысанда қолданылады.
____________________
(қолы) «____»_______________ 20__ж.
Конкурстық өтінім дербес компьютерде толтырылады.
Деректер расталған жағдайда «□»деген бағанға белгі қойылады.
Қосымша 2
Тәуелсіздік ұрпақтары Республикалық жобасы аясында Ұлытау аудан әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған
грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған
бизнес-жоспардың үлгі құрылымы
1. Түйіндеме
2. Жоба тұжырымдамасы
3. Өнім/қызмет сипаттамасы
4. Тауарды өндіру/өткізу бағдарламасы
5. Маркетингтік жоспар (нарықтағы жағдай, негізгі және әлеуетті бәсекелестер, нарықтың дамуын болжамды бағалау, күтілетін өзгерістер, маркетинг стратегиясы)
6. Техникалық жоспарлау (технологиялық процесс, үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтар мен құралдар, коммуникациялық инфрақұрылым)
7. Ұйымдастыру, басқару және персонал
8. Жобаны іске асыру (іске асыру жоспары, жобаны іске асыруға арналған шығындар
9. Пайдалану шығындары
10. Жалпы және әкімшілік шығыстар (кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, еңбекке ақы төлеу шығыстарын есептеу, салықтар)
11. Жобаның тиімділігі (пайда мен залалдарды есептеу, жобаның экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері)
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер (жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы, қоршаған ортаға әсер ету)
Қосымшалар
Қосымша 3
Тәуелсіздік ұрпақтары Республикалық жобасы аясында Ұлытау аудан әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған
грантын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесінің
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ТІЗІМДЕМЕСІ
№ Қатыушының Т.А.Ә. Бизнес-жоба атауы Бизнес-жобаны бағалаудағы орташа балл Бизнес-жобаның техникалық бағасының жалпы балы Жалпы
балл
1.
2.
3.
…
Комиссия мүшелері:
______________________ ______________________ ______________________
______________________ ______________________ ______________________
______________________ ______________________ ______________________
қолы (қолтаңбаның толық жазылуы) күні
Комиссия Хатшысы:
____________________
______________________
______________________
(қолтаңбаның толық жазылуы) күні
Қосымша 4
Тәуелсіздік ұрпақтары Республикалық жобасы аясында Ұлытау аудан әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған
грантын тағайындау жөніндегі конкурсының
2023 жылғы Грант иегерлерінің тізімі
№ Қатысушының Т.А.Ә. Бизнес-жобаның атауы Жалпы балл
1.
2.
3.
…
Комиссия мүшелері:
______________________ ______________________ ______________________
______________________ ______________________ ______________________
______________________ ______________________ ______________________
қолы (қолтаңбаның толық жазылуы) күні
Комиссия Хатшысы:
____________________
______________________
______________________
(қолтаңбаның толық жазылуы) күні
Қосымша 5
Тәуелсіздік ұрпақтары Республикалық жобасы аясында Ұлытау аудан әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған
грантын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесінің
БАҒАЛАУ ТІЗІМДЕМЕСІ
Қатысушының Т.А.Ә.
Қатысушының бірегей нөмірі
Бизнес- жоба атауы
1. Бизнес-жобаны бағалау
№ Бағалау критерийлері Баллмен бағалау
1. Бизнес идеяның бірегейлігі
2. Бизнес-жобаның өзгешелігі (жаңа технологияларды енгізу, бизнес процестердің тиімділігін арттыру)
3. Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау)
4. Бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, ізденушіні орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі)
5. Өнімге/қызметке нарықтық сұраныс деңгейі
6. Бизнес-жобаның әлеуметтік әсері (жаңа жұмыс орындарын құру, халыққа ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру)
Ескертпе:
1. Әр критерийді бағалау үшін 5 балдық шкала қолданылады.
Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлық Жақсы Өте жақсы
1-2 балл 3 балл 4 балл 5 балл
2. Әрбір ұсынылған критерий бойынша жобаны іске асыру орны ескеріледі.
3. Қорытынды баллды комиссия хатшысы шығарады.
2. Бизнес-жобаны техникалық бағалау
№ Бағалау көрсеткіштері Бағалау шкаласы Баллмен бағалау
1. Қатысушының әлеуметтік мәртебесі мәртебесі жоқ-0 балл
«жұмыссыз», «NEET жастар» мәртебесі,
жоғарғы оқу орнының немесе орта арнайы оқу орнының соңғы курстарының күндізгі бөлімінің студенті-1 балл
2. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткені туралы Сертификат жоқ-0 балл
бар-1 балл
3. Қатысушының бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттары (сертификат, диплом) жоқ-0 балл
бар-1 балл
4. Бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктері (бизнес-жобаның бюджетінен %) 10 % — ға дейін-0 балл
10 — нан 20% — ға дейін-0,5 балл
20 — дан 30% — ға дейін-1 балл
30% — дан жоғары-2 балл
5. Қатысушының құжаттары
(патент, куәлік) бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлемелерге (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) құқықтарды растайтын жоқ-0 балл
бар-3балл
6. Қатысушының құжаттары, бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттар не жалға алу шартының көшірмесі. жоқ-0 балл
бар-1 балл
Комиссия мүшесі ______________
қолы _______________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)
«____»______________ 20__ ж.