Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
2025 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де барлық қолда бар дыбыстық электр сирена іске қосылады.
Сабырлық сақтауларыңызды, дүрбелең мен негізсіз ақпаратқа бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Сиреналар «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйесінің дайындық деңгейін тексеру мақсатында іске қосылады.