Төтенше жағдайға төтеп бере аламыз ба?
Ұлытау ауданында орман-тоғай және дала өртінің алдын алуға байланысты оқу-жаттығу жиыны өтті. Негізгі мақсат – дала өрттерінің алдын алу және жою жұмыстары бойынша құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдарының іс-әрекеттерін пысықтау болды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерінің 110 орамында өткізілді. Оған 35 адам, 10 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасын тексеру және өрт қаупі бар маусымы кезеңінен өтуіне бақылау техникалық оқу — жаттығу жиыны өтті.
Дәл осындай іс-шара Қаракеңгір ауылында жалғасын тапты. Ол жерде жергілікті өрт сөндіру бекеті жеке құрамының дайындық жұмыстары тексеріліп, материалдық-техникалық жабдықтарына бақылау жұмыстары жүргізілді.