Түсіндіру жұмыстары тиянақты
Ұлытау аудандық сотында жол-көлік оқиғаларына байланысты сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тəртібі түсіндірілді. Дөңгелек үстел басында Ұлытау аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ілияс ІРГЕБАЕВ ауданның полиция қызметкерлеріне мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда азаматтар полицияны шақырмай-ақ, соттың шешімінсіз жеңілдетілген тəртіппен сақтандыру құжаттарын еурохаттаманың мобильдік қосымшасы арқылы рəсімдей алатындығын жеткізді.
Еурохаттамада мынандай шарттар көрсетілді. Егер жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысса, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін көрсететін міндетті сақтандыруы болса, рəсімдеу жұмыстарын көлік иелері өздері жасай алатын болды. Жолкөлік оқиғалары кезінде тек көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе, басқа да зардап шегушілер болмаса, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе, біртарап кінəлі деп танылып, олардың арасында келіспеушілік туындамаса, онда келтірілген шығынның шекті сомасы үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында енгізілген тəртіпке сəйкес қолданылатын болды.
Осы тұрғыда, түсіндірме жұмыстарын түйіндей келе, Ілияс Асылханұлы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды əрі орнықты жауаптар қайтарды. Отырыс соңында жиынға қатысушыларға сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тəртібі бойынша арнайы əзірленген жадынама парақшаларын таратты.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.