Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Сәуір айының екінші онкүндігінен бері Жезқазған станциясының желілік полиция бөліміне қарасты Қоскөл станциясындағы желілік полиция бөлімшесі өздері қызмет көрсететін аумақта жасөспірімдер үшін жедел профилактикалық іс-шараларын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қауіп-қатердің алдын алуға негізделді. Кездесу барысында Қоскөл станциясының желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Данияр Жандарбек Қоскөл ауылындағы №11 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына түнгі мезгіл уақытында заңды өкілінсіз теміржол маңына бармауына және тәртіпсіздік әрекеттерден өздерін аулақ ұстауды ескертті. Сонымен қатар, жалпы мектеп оқушыларына құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, өз құқықтарын қорғауды қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алуға байланысты іс-шаралар жүргізді.
Кездесу соңында полиция майоры Данияр Ғазизұлы мектеп оқушыларына осы айтылған қағидаларды үнемі назарда ұстауды ескертті. Бұл жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен өткізіліп отырған іс-шара екенін айта келе, жоғарыда аты аталған тақырыпта мамырдың алтысына дейін шараның жалғасатындығын жеткізді.

Өз тілшімізден.