Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 01 қазан күні Көліктегі ПД Жезқазған станциясы ЖПБ қызмет көрсету аумағында өтіп жатқан ЖПІШ “Участок” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға Жезқазған ст. ЖПБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Ж.А.Мухаммедиев, Қоскөл ст. ЖПБ бастығы, полиция майоры Д.Жандарбек, сондай-ақ Ұлытау облысының патрульдік полиция және учаскелік инспекторлары қатысты. Түсіндіру жұмыстары теміржол маңындағы елді мекен тұрғындарына бағытталды.
Іс-шара барысында полиция майоры азаматтарға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жазатайым оқиғалардың, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы оқыс жағдайларды болдырмау сонымен қатар, теміржол маңында ірі қара мал жаюға болмайтыны жөнінде түсіндірілді. Бұдан кейін топ құрамы әрбір үйге барып, тұрғындарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл ст.ЖПБ бастығы,
полиция майоры.