Сыбайластық – сыйластық емес

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін жəне Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын жеткізеді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы Президентпен бекітілді. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.
Сыбайлас жемқорлық еліміздің қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Пара алу – ең қауіпті сыбайлас жемқорлық лауазымдық қылмыс. Ол мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді, лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы қалағанына қол жеткізу мүмкіндігі туралы идеяны тудырады.
Аудандық аумақтық инспекция өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде заңнаманы орындау бойынша жұмысты үнемі жүргізеді – бұл жеке жəне топтық инспекция қызметкерлерімен жұмыс-əңгімелер, құқықтық жиналыстар. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылармен танысу үшін өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерге жүгінген кезде құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша стендтер орналастырылды. Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қазақстанның əрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуі жəне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті түсінуі тиіс. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі болмағандықтан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысушы болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасын арттыру сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өз пайдаң үшін мемлекеттік қызметкерге пара беру сыйластық емес сыбайластық.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз сенім телефонына қоңырау шалыңыз, CALL – CENTER- 1424, 8(71035)21444.

«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ.