Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп өркендеп, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-əрекеттер əр салада жүзеге асырылуда. Əсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, пара алу мен пара берудің жолын кесу мақсатында бүкіл қоғам болып белсенділік танытқанымыз жөн.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңына сəйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет ететін лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Барлық мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы құжаттар үлгілері халыққа қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде толық орналастырылуы тиіс. Əр азамат сапалы мемлекеттік қызмет алуға құқылы. Əр мекеме жұмыс тобын құра отырып, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін анықтап, оны жоюдың көздерін қарастырғаны жөн. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға бой алдыруының себептері əр түрлі. Кейбір қызметкерлердің кəсіби əдептілігінің жетіспеуі немесе жеке басының қамын ойлауы, жалақының аз болуы жəне т.б. себептер. Осындай қылмыстарға жол бергізбеу үшін қызметкерлерді жаппай құқықтық оқытып, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерімен таныстырып отыруымыз қажет. Бұл дертпен күресу үшін бүкіл халық болып атсалысып, оның қоғамға таралуына жол бермеу қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосып, халықтың сенімінен шығатынымыз анық. Біз жемқорлыққа қарсымыз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық болмауы үшін қоғам болып бұл індетке қарсы тұрайық.

Ақнұр ДОМБАЕВА,
Ұлытау аудандық соты сот əкімшісінің басшысы.