Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК құрамына қосылады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-нің құрамына өтеді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Президент бірқатар құрылымдық өзгерісті бекітті.
Жарлыққа сәйкес, агенттік таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылады. Қауіпсіздік комитеті енді сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу мен қылмыстың жолын кесумен айналысады. Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне – алдын алу, саясат жасау және үйлестіру міндеттері беріледі.
Енді осы екі мекеме бір ай ішінде жаңа құрылым ережелерін және штаттық өзгерістер бойынша ұсыныстарды Президент қарауына енгізуі тиіс. Ал Үкімет 1 қыркүйекке дейін осы жаңашылдықтарды бекітуге арналған заң жобасын Парламентке ұсынуы қажет.