Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

«Жезді-Қарсақпай-Байқоңыр–Қоскөл» облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде су өту фактілері тіркелді. Аталған жерде 3 су өткізгіш құбыры бар, алайда құбырлардың су өткізгіштігі судың көлеміне төтеп бере алмауда. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына кедергі жоқ. Қоскөл елдімекені су басу қаупінен аман. Мердігер күшімен 6 адам 3 бірлік техника тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, ескерту белгілері қойылған. Оған қоса, Коскөл елді мекеніне темір жол арқылы қосымша қатынасы бар.

«Қаражал-Атасу» облыстық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңарту учаскесінің 12 шқ уақытша айналма автомобиль жолында қардың қарқынды еруіне байланысты, айналма жол үстімен су өту фактісі тіркелді. Автокөліктердің жүруіне кедергі жоқ. Ақтай елді мекенін су басу қаупі жоқ. Мердігер күшімен 6 адам, 3 бірлік техника тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, ескерту белгілері қойылды.