СУ ТАСҚЫНЫ: АВТОЖОЛ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАУЫНДА
Жезқазған – Петропавл автожолының (Арқалық арқылы) 137-149 шақырымында қауіпті учаскелерді су басудан сақтау үшін бекіткіш біліктер орнатылуда. Ол үшін 1 тиегіш және 1 шансиман жұмылдырылды.
Автожолдың 137-252 шақырымы ГАЗель автокөлігінің көмегімен, 120-163 шақырымы «Нива» автокөлігінің көмегімен патрульдік бақылауда.
Патрульдеу жұмыстары үшін барлығы 7 бірлік көмекші персонал жұмылдырылды.