«ҰСТАЗ-ҰЛЫТАУ» ҰЛЫ МҰРАТТЫ КӨЗДЕЙДІ
Ұлытау облысының әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасын қабылдады.
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі білім беруден техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық негізгі бағыт бойынша бірлескен құжат қабылдады. Білім беру жүйесін дамытудың Жол картасы — жалпы 80-нен аса іс-шараны қамтиды.
Ұлытау облысы әкімдігінің жоспары бойынша балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысы 4160-қа артады, яғни 2029 жылы 15 350 орын мемлекеттік тапсырыс орналастырылады.
2029 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 2 мыңға жуық педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
«Бүгін біз облыстың білім беру жүйесін дамыту бойынша бірлескен Жол картасын қабылдап жатырмыз. Білім беруді дамытуға бағытталған іс-шаралар Ұлытау облысын дамытудың кешенді жоспарына да енгізілген. Алдағы жылдары 4680 орынға арналған 9 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Сонымен қатар, 2 мектепке жапсарлас спорттық зал құрылысы салынатын болады. 111 мектеп жөндеуден өтіп, мектептерге 186 робототехника, химия, биология, физика, STEM пәндік кабинеттері сатып алынады. Өңірде педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін «Ұстаз-Ұлытау» жобасы іске асырылуда», — деді Берік Әбдіғалиұлы.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұндай кешенді шаралар өңірдегі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Басым міндеттердің бірі – инклюзивті білім беруді дамыту. Облыста ППТК-лар санын 3 бірлікке арттыру, 71 инклюзияны қолдау кабинеттерін жабдықтау және аутизм орталығын ашу жоспарланған. 2025 жылы тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты 6010 орынға орналастыру жоспарлануда. Өңірде ТжКБ-ның 1500-ге жуық педагогі курстардан өтіп, 45 колледж басшылары мен басшы орынбасарлары менеджмент бойынша біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ 3 балалар сауықтыру лагері, балалар шығармашылығы мен зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 6 ірі нысан құрылысы жоспарланған.