Ұстаз – ұлы тұлға
Өзінің табысын маңдай терімен табатын, бар жанын салып еңбек ететін адамды нағыз адал еңбектің адамы деп есептеуге болары анық. Ол дихан бола ма, малшы бола ма, жазушы ма, ұстаз бола ма бəрібір. Қандай кəсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды міндет. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, бар жанын салып еңбек ететін адамды нағыз адал еңбектің адамы деп есептеуге болары анық. Ол дихан бола ма, малшы бола ма, жазушы ма, ұстаз бола ма бəрібір. Қандай кəсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды міндет.
Əрине, əр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Кəсібінің шебері болу – əрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Осы орайда, өз туған жерінде, өзінің түлеп ұшқан алтын ұя мектебінде аянбай еңбек етіп жүрген Оразалы Айранбаевтың есімін ерекше айтар едім. 1980 жылы №1 Қорғасын орта мектебін бітірген соң Əскер қатарына шақырылып, 2 жыл Венгрияда Отан алдындағы борышын ойдағыдай аяқтап келіп, 1983 жылы Жезқазған педагогикалық институтының көркем сурет факультетіне түсіп, студент атанды. 1987 жылы жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтаған Оразалы туған жеріне қайта оралып, ауылдағы №1 Қорғасын орта мектебіне ұстаздық қызметке араласты. Осы жылы аяулы жары Жаңыл екеуі отбасын құрды. Жаңыл екеуі бір оқу орнында, бір факультетте оқып жүріп танысқан екен. Сол таныстықтың аяғы екеуі қол ұстасып, бір шаңырақтың астында өмір атты кеменің айдынында бірге жүзуге бұйыртқаны ғажайып. Бүгінгі күні Оразалы мен Жаңыл бір мектепте бірнеше жылдар бойы бірге қызмет етіп, балаларды білім нəрімен сусындата жүріп, шалқыған шаңырақ иелері атанып отыр. Қызу еңбек пен отбасының береке бірлігін қоса алып келе жатқан қос ұстаз ата-аналардың да, ауыл адамдарының да алғысын арқалаған еңбекқор жандар. Алланың берген 4 баласынан 12 немере сүйіп, ардақты ата мен аяулы əже атанып отыр. Балалары да өздерінің жолын қуып ұстаз атанды. Ұлы Айдос Қалмажит 2016 жылдан бастап ауыл мектебінде География-Информатика пəнінің мұғалімі.Қызы Айнұр да анасы Жаңылдың жолын қуып ұстаздық жолды жалғастыруда. Екі баласы Мыс қорыту зауытында еңбек етеді. «Əкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген нақыл сөздің дəлелі де осы болар. Оразалы жастайынан еңбекқор, он саусағынан өнер тамған азаматтың бірі жəне бірегейі. Ағаштан түйін түйетінін де анық білеміз. Домбыраның қос шегінде ойнайды. Тізе берсек, кейіпкеріміздің бойынан бар өнерді табуға болатыны сөзсіз. Аталған жылдар (1987-1990) аралығында өзінің тиянақты, талапшыл, əділ екенін дəлелдей келе, ұстаздық міндеттен 1990 жылы №1 Қорғасын орта мектебінің мектеп директоры қызметіне тағайындалды. 1993 жылға дейін мектеп басшысы қызметін де абыроймен атқарды. 1993 жылдан бастап 2010 жылға дейін алғашқы əскери даярлық сабағынан берді. 17жыл бойғы еңбегі ерекше еленіп, «Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов» төсбелгісімен жəне Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов төсбелгісімен марапатталған. Бүгінгі күнге дейін Жалпы техникалық пəн жəне еңбек пəні бойынша шəкірттерді білім нəрімен сусындатып келе жатқан Оразалы адал еңбегінің арқасында, алғыс пен абыройға бөленіп, облыстық, аудандық жəне бірнеше рет ауылдық Құрмет грамоталармен жəне Алғыс хаттармен марапатталған. 2010 жылы Ұлытау аудандық білім бөліміанасы Жаңылдың жолын қуып ұстаздық жолды жалғастыруда. Екі баласы Мыс қорыту зауытында еңбек етеді. «Əкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген нақыл сөздің дəлелі де осы болар. Оразалы жастайынан еңбекқор, он саусағынан өнер тамған азаматтың бірі жəне бірегейі. Ағаштан түйін түйетінін де анық білеміз. Домбыраның қос шегінде ойнайды. Тізе берсек, кейіпкеріміздің бойынан бар өнерді табуға болатыны сөзсіз. Аталған жылдар (1987-1990) аралығында өзінің тиянақты, талапшыл, əділ екенін дəлелдей келе, ұстаздық міндеттен 1990 жылы №1 Қорғасын орта мектебінің мектеп директоры қызметіне тағайындалды. 1993 жылға дейін мектеп басшысы қызметін де абыроймен атқарды. 1993 жылдан бастап 2010 жылға дейін алғашқы əскери даярлық сабағынан берді. 17жыл бойғы еңбегі ерекше еленіп, «Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов» төсбелгісімен жəне Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов төсбелгісімен марапатталған. Бүгінгі күнге дейін Жалпы техникалық пəн жəне еңбек пəні бойынша шəкірттерді білім нəрімен сусындатып келе жатқан Оразалы адал еңбегінің арқасында, алғыс пен абыройға бөленіп, облыстық, аудандық жəне бірнеше рет ауылдық Құрмет грамоталармен жəне Алғыс хаттармен марапатталған. 2010 жылы Ұлытау аудандық білім бөлімінен Ұстаздар күніне орай еңбегі ерекше еленіп, жас ұрпаққа өнегелі тəлім-тəрбие бергені үшін арнайы ақшалай сертификат иегері де атанды. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тəрбие беруде алғыс пен абыройға бөленіп келе жатқан Оразалының айта берсек еңбегі орасан. Еңбек сабағында шəкірттерге түрлі картиналар жасау, ағаштан ойып түрлі мүсіндер жасау, қолөнер бұйымдарының сан түрін үйретуден жалыққан емес. Себебі, сабақ іс жүзінде өтеді. Сондықтан, шəкірттер пəн сабағын ерекше жақсы көреді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп данышпан Абай атамыз айтқандай, ерінбей еңбек еткен ұстаз ғана оқушылардың жүрегінен үлкен орын ала алады. Алдынан сан мыңдаған шəкіртті алтын ұясынан ұшырып, үлкен өмір жолына қадам бастырған ардақты да, құрметі жоғары, еңбекқор ұстаз Оразалы 37 жыл ауыл мектебінде тапжылмастан бір салада еңбек етіп, зор құрметке бөленген жан. Алдағы уақытта да, шəкірт санасына білім нəрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тəрбиелеп шығарарына сенім мол.
Адам баласы өз несібесін жасаған еңбегі арқылы ғана табады. Қолынан келетінін аянбай еңбек ете білетін əр адам сый-құрметке бөленері анық. Абыройы мен құрметін адал еңбектен тауып жүрген кейіпкеріміздің ісі кейінгі жас буынға үлгі. Білім берудегі еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзе білетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айналары сөзсіз.
Тәслима ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ.