Сот жүйесінің тәуелсіздігі және әділдік принциптері

Судьялар өз шешімдерін қабылдауда заңды басшылыққа алып, тек қана өз кәсіби сенімдеріне сүйенеді. Бұл сот билігінің негізгі қағидаттарының бірі – тәуелсіздік пен бейтараптылықты қамтамасыз етеді. Әрбір сот үкімі объективтілікке және дәлелдерге негізделуі тиіс. Қоғамның әділ сот төрелігіне деген сенімі судьялардың кәсіби адалдығына байланысты қалыптасады.

Соттардың қызметіне сырттан ықпал ету немесе заңсыз қысым көрсету, сондай-ақ қандай да бір мүдделі тараптардың пайдасына үкім шығару құқықтық мемлекет қағидаларына қайшы келеді. Сондықтан да, судьялардың міндеті – заң алдында бәріне бірдей қарау, яғни азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, сот әділдігін қамтамасыз ету.

Сот төрелігі заңға сай жүзеге асырылып, қоғамның сенімін жоғалтпау үшін ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлықтан алшақ болу маңызды.

Ғазиз УСКЕНБАЕВ,
зейнеткер.