Сот қызметкерлерінің кәсіби этикасы талқыланды

Сәтбаев қалалық сотында «Кәсіби этика және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Сәтбаев қалалық сотының мамандары қатысты.

Сот әкімшісінің басшысы С.М. Бухарова өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру екенін, сондықтан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылатынын атап өтті.

Баяндамасында Бухарова мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы мінез-құлқы, халықпен қарым-қатынас кезінде дұрыс әрекет ету және арандатушылыққа бой алдырмау мәселелерін қозғап, этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзу және сол үшін тәртіптік жауапкершілік жағдайларын нақты мысалдармен түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.