Қазақстанда 1 млн-нан астам адам жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.

Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғаны, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Өте маңызды мәселе мамандарды даярлау. Өздеріңізге белгілі AI Sana бағдарламасы шеңберінде 1 млн-нан астам адам осы ЖИ-мен жұмыс жасау негіздерін үйренді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз. Мектептерде, ЖОО-ларда бұл өте маңызды мәселе»,
— деді Олжас Бектенов.
